2 және 5 сынып оқушыларының "Жас қыран" және "Жас ұлан"республикалық балалар ұйымына кіруі
23 қазанда "Архангельск жалпы білім беретін мектебі" КММ – де Республика күніне орайластырылған "Жас Қыран", "Жас Ұлан" Республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына 2 және 5 сынып оқушыларын салтанатты қабылдау өтті. Салтанатты рәсім барысында оқушылар патриот болуға, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, өз Отанымен мақтануға ант берді. Төсбелгілерді салтанатты түрде тапсыру және галстуктарды байлау үшін мектеп директоры Е. С. Байгаскин,нвитп педагог - ұйымдастырушысы В. Э. Малиновский шақырылды.
Мектеп директоры жасұландықтар мен жасқырандықтарға құттықтау сөз сөйлеп, балаларға өз елінің лайықты азаматтары болуын тіледі.